Соңғы тәулікте 23 дерек тіркелді

797

0

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 380-ге жетті. Ал сауығып шыққандар саны – 233. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

– Соңғы тәулікте 23 дерек тіркелді. Оның ішінде Қызылорда қаласынан – 20, Жаңақорғаннан – 2, Аралдан – 1 жағдай тіркелген. Анықталғандардың 6-ы емхана мен аурухана скринингінен, 15 жағдай қарым-қатынас арқылы, 2 жағдай өз еркімен ақылы сынама тапсырып, анықталған, – деді бас дәрігер.

Сондай-ақ, індет жұқтырғандармен байланыста болған- 4708 азамат анықталды. Оның ішінде, 2627-і тікелей қарым-қатынаста, 2081-і ықтимал қарым-қатынаста болған. Бұдан бөлек, инфекциялық стационарда 147 адам ем алуда. Оның 31-і провизорлық стационарда, ал 296 азамат карантиндік бақылауда. Барлығы -474

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<