Абылайхан Жүсіпов үшінші мәрте қола жүлдені қанағат тұтты

1300

0

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында жартылай финалда Абылайхан Жүсіпов шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жапон Севонрец Окадзавамен қолғап түйістірді. Екі боксшы тепе-тең деңгейде ойын көрсетті. Үш раундта да бір-біріне бірдей соққы жұмсады. Төрешілер шешімімен Севонрец Окадзава жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Айта кетсек, бұдан бұрын Абылайхан Жүсіпов 2017, 2019 жылдарда да әлем чемпионатында қола жүлде алған еді. Еске салсақ, ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі) финалға шыққан болатын. Енді кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі) 23:15-те таиландтық Танарат Саенгфетпен кездессе, 23:45-те Серік Теміржанов кубалық Освель Кабальеро Гарсиямен жекпе-жекке шығады. Еске салсақ, ширек финалда Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) қарсыластарына жол берді. Ал ширек финалға дейін Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді.

https://www.kazinform.kz/kz/bokstan-alem-chempionaty-abylayhan-zhusipov-ushinshi-marte-kola-zhuldeni-kanagat-tutty_a3857920

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<