Әлем чемпионаты: Қазақстандық үшінші боксшы жартылай финалға шықты

895

0

Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионаты ширек финалында қазақстандық Абылайхан Жүсіпов жекпе-жегін ткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық боксшы 67 келі салмақта моңғолиялық Чинзориг Баатарсухпен шеберлік байқасты. Жекпе-жек барысында Абылайханның басымдығы байқалды. Алғашқы екі раундта ол қарсыласынан айласын асырып кетті. Мұндай белсенділігі үшінші раундта да көрініс берді. Төрешілер шешімімен Абылайхан қарсыласынан басым түсті. Осылайша жартылай финалға жолдамаға қол жеткізді.

Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі) жартылай финалға жолдама алды. Одан кейін Махмуд Сабыржан (51 келі) бразилиялық қарсыласын қапы қалдырды. Сондай-ақ, бүгінгі күндізгі сессияда Саматәли Төлтаев (60 келі) Софьян Умиаға жол берді. Айта кетсек, ел құрамасынан 1/4 финалға он боксшы шықты. Бүгін ел құрамасынан 20.00-де Нұрқанат Райыс (75 келі) италиялық Сальваторе Кавалларомен қолғап түйістіреді. Ал 23.00-де басталатын кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) бүгін шаршы алаңға шығады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<