Қызылордалық каратэшілер халықаралық турнирден табысты оралды

839

0

Қырғызстанның Бішкек қаласында каратэ-додан өткен  «Bishkek open» халықаралық турнирінен қызылордалық спортшылар олжалы оралды.

Байрақты бәсекеге әлемнің 5 елінен мыңнан аса спортшы қатысып, жас ерекшеліктеріне қарай бақ сынады. Нәтижесінде  Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері жеңіс тұғырынан көрінді.

Жастар арасында 55 кг салмақта Әсемгүл Ердәулет I-орын, Ғабиден Ұрынбаев III-орын, 68 кг салмақта Бақдәулет Кубаш  III-орын иеленді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің медиа орталығы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<