Саңлақтарымыз дес берер емес

825

0

Сербия астанасы – Белград қаласында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар сәтті ойын көрсетіп келеді. Ел құрамасы сапындағы 13 былғары қолғап шеберінің 10-ы жарысты жалғастыруда.

Тағы бір жекпе-жекте Нұрбек Оралбай (80 келі) бразилиялық Исаяс Фильоны жеңсе, Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) молдовалық Василий Чеботарьден басым түсті. Қазақстандық құрама сапынан 20 жастағы Махмуд Сабырхан екінші айналымда шотландиялық Мэттью Макхэйлді жеңсе, Саматәли Төлтаев (60 келі) колумбиялық Дуван Сулета Моренодан мықты екенін дәлелдеді.

Ел құрамасынан Асланбек Шымбергенов 1/8 финалда 71 келі салмақта германиялық Магомед Шахидовтан басым екенін көрсетті. Бұл – Асланбектің үшінші жекпе-жегі. Асланбек үшінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. Нәтижесінде ол ширек финалға жолдама алды.

Өкінішке орай, Айбек Оралбай (92 келі) Өзбекстанда тұратын ұлты қазақ спортшысы Мадияр Саидрахимовқа есе жіберді. Одан бұрын жарыс жолынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) шығып қалған еді.

Кеше тағы үш қазақстандық ширек финалға жолдама алды. Атап айтқанда, Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Морды, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) поляк Дамман Дуркачпті, Нұрқанат Райыс ауғанстандық Сулиман Асламиді жеңіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Ал кеше кешке шаршы алаңға шыққан Сәкен Бибосынов (51 келі), Санатәли Төлтаев (63,5 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) сынды қазақстандық боксшылардың жекпе-жек нәтижелерін алдағы нөмірде хабарлайтын боламыз.

Әлем чемпионаты 6 қарашада мәресіне жетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<