«Нұрлы жер»: Қызылордада 87 тұрғын үйдің құрылысы басталды

1138

0

Биыл облыста 30 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіледі. Оның 22-і жыл соңына дейін берілсе, қалған 8-і келер жылы аяқталады.

Қазіргі таңда құрылысқа рұқсат алынып, құрылыс-монтаж жұмыстарына кірісті. Бұл туралы өңірілік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов айтты.


Өңірде тұрғын үй құрылысы қарқынды. Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1406 пәтерді құрайтын 87 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жыл аяғында 689 отбасы сатып алу құқығынсыз жалға берілетін, 115 жанұя кредиттік тұрғын үймен, ал жеке құрылыс компаниялар есебінен 156 пәтерлі 4 тұрғын үй пайдалануға берілмек. Бағдарламалар шеңберінде 969 пәтерлі 74 тұрғын үй құрылысы аяқталып, жыл соңына ел игілігіне беріледі.

«7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үйді кредиттеу бағдарламасы шеңберінде екінші деңгейлі банктер арқылы 426 өтініш түсті.

Ал «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында табысы төмен, толық емес, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылардың тұрғын үй алу үшін «Бақытты отбасы» әлеуметтік бағдарламасы іске қосылған болатын. Осы бағдарлама аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 2 процентпен тұрғын үй қарыздары беру жоспарланды. Бұл бағытты жұмыстар жүйелі атқарылып жатыр.


Бүгінгі күні жергілікті әкімдіктерде кезекте тұрған азаматтардан 255 өтінім түсіп, 132 отбасы баспаналы болды. Облыс бойынша тұрғын үй алуға барлық санаттар бойынша 30326 азамат кезекке тіркелген.


«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<