Трамп АҚШ президенті болғалы 5 млрд долларынан айырылды

302

0

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет басшысы болып сайлануына байланысты 5 млрд доллардан айырылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат NBC телеарнасына сілтеме жасап.

Трамп бизнесмендік мансабын тоқтатқалы бері ала алмай қалған табыстарын, сондай-ақ өзіне білдірілген шағымдармен айналысқан адвокаттарға кеткен қаражаттарды осылай бағалаған.

«Президент болуыма байланысты шамамен үш-бес миллиард доллардан айырылдым. Бірақ маған бәрібір, мені ол қызықтырмайды. Президент болғанымның өзі мен үшін бақ-дәулет», – деді Трамп.

NBC телеарнасының хабарлауынша, Трамптың осыншама қаржыдан айырылып отырғанын анықтау мүмкін емес. Айта кетейік, Forbes журналының наурыз айындағы дерегі бойынша, Трамп активтерінің жиынтық құны шамамен 3,1 млрд доллардың айналасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<