«+77» және «+76» халықаралық кодтарынан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі

894

0

«+77» және «+76» халықаралық кодтарынан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі. Бұл туралы бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Apple компаниясымен бірге көпшілікті алаңдатқан бір мәселені реттедік – енді «+77» және «+76» халықаралық кодтардан түсетін қоңыраулар «Қазақстан» деп көрсетіледі. Apple өтінішімізді барынша жылдам қарастырып, бізге ықылас танытқанын атап өткім келеді. Сөйтіп iOS 14 қолдайтын iPhone 6 және одан кейінгі құралдардағы аталған проблема шешілді»,-деп жазды министр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<