«Хикмет» қоры жабырқағанның жанынан табылып жүр

1537

8

Бір жыл бұрын құрылған «Хикмет» қайырымдылық қорының негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы нашар, тұрмысы төмен, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған отбасыларға жәрдемдесу. Қорда онға жуық адам жұмыс істейді. Олар тағдыр тауқыметін тартып, теперіш көрген талайдың тұрмысын түзеуге шын ниетті.

«Жанашырлыққа жан риза» дейді дана халқымыз. Қор аз уақыттың ішінде 6-7 отбасыға үй беріп үлгерді. Науқас балаларының еміне ақша таппай қиналған аналарға қаржылай көмектесті. Карантин кезінде 150-дей отбасыға азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек алып беріп, 500 масканы тегін таратты.

Қайырымдылық ұйымы мақтаралдық ағайынның да жанынан дер кезінде табылды. 25 млн теңге көлемінде қаражат ұсынып, үй-күйсіз қалған 50 отбасыға 500 мың теңгеден қолдау көрсетті. Көрші облыстағы тағы бір әулетті баспанамен қамтамасыз етті.

Азамат Болатбекұлы басқаратын қор тұрмыстық ахуалы осал отбасыларға көмектесуден аянып қалған емес. Перзенті дертті қамкөңіл жандар, мүмкіндігі шектеулі жерлестеріміз, көпбалалы отбасылар, жалғызбасты қарт кісілер, қамқоршысынан айырылған балалар. Оларға қайырымдылық танытып, жанынан табылу, хал-қадірінше демеу болу – жаны жайсаң жақсының азаматтық парызы.

– Біздің мақсат – жылаған ананың көз жасын сүрту, қиналғанның жанынан табылу. Бізге сәбидің жыламағаны, ананың жабықпағаны керек, – дейді қор директоры.

Жалғызбасты ана Индира Асанованың жанары жәудіреген сәбиін жетектеп, ашпаған есігі қалмаған-ды. Бірнеше жылдан бері санасы санға бөлініп, сергелдең құшқан жайы бар. «Хикмет» қоры туралы жазбаны әлеуметтік желіден кездейсоқ көзі шалып қалған жесір келіншек соңғы үмітін үкілеп, қордың парақшасына хат жолдайды. Қайырымдылық ұйымы көңілі жабырқау жанның мұңын жауапсыз қалдырған жоқ.

Жалағаштық Медетбаевтар отбасы денсаулығында аз-кем кінәрат болғаннан ба, қоғамның күллі игілігінен қалыс қалғандай, дәрменсіздеу күн кешіп келген болатын. Тұрақты жұмысы, қомақты қаражаты жоқ отағасы мен жүдеу көңілді ұл-қызының да еңсесі түсіңкі еді. «Хикмет» қорының арқасында Қызылорда қаласының батыс ауданынан үш бөлмелі пәтерге қол жеткізген олар Тәңірге тәубесін айтып, толқыныстарын жасыра алмайды.

Қайырымдылық қоры бүгін де әлеуметтік жағынан аз қамтылған 40 отбасыға азық-түлік пакеттерін үлестірді. Бұл – көп жұмыстың бір бөлігі ғана. Алда бұдан да ауқымды әрі айқын мақсат күтіп тұр.

Толқын ҚАБЫЛША,

журналист.

Пікірлер:
  • Алла разы болсын Хикмет қорына! Бұл қордың жасалған еңбегі ерен. Қаншама отбасыға үй алып берді, қаншама жан ұяларға күлкі силаған қор ғой! Керемет

  • Өте керемет бірақ көп жерде дəніккеннен құныққан жаман дегендей мұқтаж жандардан бұрын көпбалалымыз деп шу шығарып бермесіне қоймайтын арсыз əйелдерді тию керек.Олардың балаларына кім баскөзболып қалды олар бір күн акимат басқа күн осындай қорларды торып жүреді сол көпбалаға қандай тəрбие береді шу шығарып төбелесіп бұзақылық жасап бала тəрбиелейме олардың отағасы қайда ?намысы жоқпа?Ер азамат намысы болмаған соң əйел осылай болады деп ойлаймын.

  • Салеметсизбе оте керемет алгысым шексиз осы Хикмет қорының мұқтаж жандарға көмектескендеріне қарап қуаныштан көзіме жас алма менде сол квартирадан квартирада тұрып қиналып жүрген жанның бірімін. Үш балам бар өзім ұант ауруымен ауырам ортаншы балам астма тяжелой формы . Мағанда осылай көмек қолын созса екен деп өтінемін. Көмектесіңіздерші.Өзім жалңыз басты анамын басымда баспанам жоқ. 1 бөлме болсада қуана қуана тұрар едім. Қатты қиналып жүрген жанмын.

  • Сәлеметсіздерме!мен Амирова Нурсауле туған нан жүрек ақауы ауруымен ауырамын. Жақын арада сол журегіме ота жасағаны жатыр соған сиздер ден қаржылай көмек көрсетулеріңізді сұраймын. Жағдайым қиын болғаннан кейін осылай сиздер ден көмек сұрап отырмын. Өзім жалғыз басты анамын, 2балам бар. Кишкентайым 2,5жаста.жалдамалы(времянка)пәтерде тұрамыз. Денсаулығы ма байланысты жұмыс жасай алмаймын. Тек пособиямен күн көріп отырмыз(асп).Алла разылығы үшін көмек тессіңдерші

  • Кара басын бага алмай ишип журген бомж. Кредитимди бар Толей алмаган. Сиздерден отинерим кандай да Бир комектеринизди корсетсениздер екен деймин. Алланын рахымы жаусын сиздерге. 87078319489 отинем…

  • Салеметсизбе.меним атым Айжан. 4 баланын жолдасыммен ажырасып кеттим. Казир квартира турамын. 72000 пособиямен Кун корип отырмыз. Кандай да Бир комектеринизди корсетсениздер екен деймин. Кишкентайым 8 айга енди толады. Казир жумыска шыгалмайм. Балаларга карайтын Адам жок. Бир жагынан толенбеген кредиттерим де бар еди. Мазамды алып жиберди. Жумыска шыгалмай отырым. Алла разылыгыиушин колдарыныздан келгенше комектесиниздерши отинем. Жолдасыммен еш кайыр жок. Журген Бир наркомании алкаш.

  • Салеметсизбе мен 3баланын анасымын 4 іңші балаға аяғым ауыр өзім денсаулығым жоқ талма ауырумен ауырам 9жаста қызым бар денсаулығы отте нашар басына ахау бар жолдасым тастап кетекен қазир Сарайда тұрып жатырм газ свет жоқ от жағам жұмыс жасамаймын Асп алам 40мын мен көмеке мұқтаржбым алла разы шүін маған көмек берсениздер баларым шүін 87769192540

  • Салеметсізбе мен 5 баланың анасымын жолдасым 1 жыл бұрын каза болған квартирада турам Машан мумкин болса керек комек беруді сұраймын 87474524972

Пікір жазыңыз