Ақжолтай жаңалық!

783

0

Сенатор Мұрат Бахтиярұлы Жаңақорған ауданындағы ауыз су тапшылығы жөніндегі ақпаратты жақсы біледі. Себебі әрбір жұмыс сапарында ауданда арнайы болып, су мәселесінен туындаған жағдаймен танысып, оның оң шешілуіне барынша атсалысып келеді. Бұл жолы да солай болды. Мәселенің маңыздылығы нақты болу үшін сөзімізді басынан бастайын.

2013 жылдан бастап Жаңақорған ауданының 8 елді мекені, атап айтқанда Сунақата, Екпінді, Сүттіқұдық, Төменарық, Қожамберді, Жайылма және Жаңақорған кенті «Жиделі» топтық су құбырынан ауыз су ішетін. Шамамен қыс айында 3 мың текшеметр, жаз мезгілінде 6 мың текшеметр су мөлшері қажет болатын. Мейлінше жаз айларында су тапшылығы туындап келді.

Осыған орай «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Тақыркөл» бас су алғышынан №1 сорғы станциясына дейін магистральды су өткізгішінің екінші желісін салу құрылысы» жобасы жасалып, тиісті инстанциялардан сәтті өтті. Сөйтіп, республикалық бюджеттен 2022 жылға 100 млн, ал, 2023 жылға 675 млн 468 мың теңге қаралған еді.

Әрине, жобаның қолдау тапқаны жақсы жаңалық, десе де екі жылға бөлінген қаражат істің ұзақ уақытқа созылуына итермелейтіні анық. Сондықтан жоба жұмыстарын да, қаржысын да бір жылға жинақтау жөнінде сенатор Мұрат Бахтиярұлы тиісті жоғары органдарға шығып, мәселені нақтылады, ел үміті оң шешімі тапты.

Қаныбек Әбдуов

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<