Диана ханшайым тізгіндеген автокөлік аса қымбатқа сатылды

490

0

Ұлыбританияда аукционға шығарылған Диана ханшайымның Ford Escort автокөлігі 724 500 фунт стерлингке сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews-ке сілтеме жасап.

Диана ханшайым бұл көлікті 1985 жылдан 1988 жылға дейін мінген. Әдетте аталған автокөліктің осы үлгісі ақ түсті етіп шығарылатын болған. Алайда, көзге көп түспеуді қалаған леди Диана қара түсіне тапсырыс беріпті.

Тарихта аты қалған әйгілі ұлыбританиялық ханшайымның дүниежүзіндегі жанкүйерлері оны еске алуға дайындалып жатыр. Айта кетсек, леди Диана 1997 жылы 31 тамыз күні Парижде жол апатынан қайтыс болған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<