Кент орталығында тегін WiFi интернет орнатылды

867

0

Интернет қолданушылары үшін жағымды жаңалық. Тереңөзек кентінің орталық алаңында ашық, тегін қоғамдық Wi-Fi жобасы іске қосылғанын хабарлаймыз.

Ғаламтор қызметінің жылдамдығы 40 МБит/с – ты құрайды. Бұл әлеуметтік желілерді пайдалануға, сайттарды қарауға, ән тыңдауға, видео көріп, тіпті оны жүктеп алуға жеткілікті.

Кез – келген азамат алаң аумағында интернетке тегін қосыла алады. Тегін ғаламтор күнделікті тұрақты жұмыс істейді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<