Маңызды мәселе назарда

136

0

Ұрпақ саулығын ойлаған орталықтардың бірі – Қармақшы ауданы, Жосалы кентіндегі орналасқан мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Дәметкен Ана» оңалту және әлеуметтік бейімдеу орталығы.

Жақында осы орталықтың жағдайымен танысу мақсатында аудандық мәслихат хатшысы Ә.Қошалақов, аудан әкімінің орынбасары Ж. Ерқосаев және де тиісті сала басшылары мен орынбасарлары арнайы барды.


Аудан әкімінің орынбасары Ж.Ерқосаев алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында орталықпен бірлескен жұмыстар атқарылатынын атап өтіп, мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау шаралары тиісті заң шеңберінде жүргізілетінін жеткізді.

Орталық ашылғалы талай мүмкіндігі шектеулі балалардың үміт оты жанды.

Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген тапсырманың бірі – ұлт саулығы. «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «кедергісіз орта» қалыптастыруға зор мән берілуге тиіс» деген болатын Президент.

Мекеме директоры Дина Исмайлованың айтуынша, «ерекше» балаларды оңалту және бейімдеу орталығы жүйке-неврологиялық ауытқуы бар және қимыл-тірек аппараты бұзылған балаларға тұрмыстық, медициналық, психологиялық, педагогикалық, мәдени бағыттар бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетумен айналысады.

Мұнда психикалық дамуында тежеу, ақыл-ой кемістігі нашар дамыған, тірек-қозғалыс аппаратының бұзылуы, жүйке жүйесінің тұқым қуалайтын ауруларымен, сөйлеу тілінде кемістігі бар, есту қабілеті бұзылған балаларға емдік тұрғыдан бөлек, психологиялық түзеу мен оңалту түріндегі кешенді психологиялық- медициналық, педагогикалық көмек көрсетіледі.

Қамкөңіл балаларға қоғам тарапынан жасалып отырған қамқорлық – ел болашағының қамы.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз