Мерейлі мереке салтанаты

809

0

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдер мерекесіне орай Достық үйінде «Тіл – татулық тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге облыстық әділет департаменті қызметкерлері, тіл жанашырлары мен ғалымдар, «Таза тіл» жастар тобы мүшелері, облыстық ішкі саясат басқармасы қызметкерлері, облыстық Қазақстан халқы ассамблея құрылымдардың және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.


Дөңгелек үстел мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыру, отансүйгіштік сезімді арттыру.

Дөңгелек үстелді облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Л. Есімова кіріспе сөз сөйлеп ашып, іс-шараның мақсатына тоқталды.


Аталған шара барысында «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С. Аңсат, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. А. Абасилов тіл мәселесі төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, Қызылорда облыстық әділет департаментінің азаматтық хал-актілер тіркеу бөлімінің бастығы К. Елеусізова өз тараптарынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті. Ұсыныс, пікірлер тыңдалды.


Мереке аясында облыстағы тіл саясатын жүргізуге атсалысып жүрген бірқатар тіл жанашырлары облыс әкімнің, облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатттарымен, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Тіл саясаты комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.


Сонымен қатар, балаларының тегі мен атын ұлттық дәстүрге сай қойған жас сәбилердің ата-аналарына туу туралы куәлік тапсырылды.
Дөңгелек үстел соңында қонақтарға естелікке кітаптар берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<