Нотариаттық қызметтің құзіреті

341

0

         Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орын алады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

         «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидасы Қазақстан Республикасы Әділет министрігінің «Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі -Қағида) 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен бекітілген.

         «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органы көрсетеді.Нотариаттық қызметпен айналысуға лицензиялар алу 3 кезеңде жүргізіледі: тағылымдама, аттестаттау және тікелей лицензиялар алу.

          Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына тағылымдамадан өту үшін нотариалды палатамен тағылымдамадан өту туралы шарт жасасу қажет. Нотариуста тағылымдама бағдарламасы теориялық және тәжірибелік дағдыларды иеленуді білдіреді. Бағдарламаның ұзақтығы бір жылдан кем емес мерзімді құрайды.

         Тағылымдамадан өту кәсіби дайындықтың бірыңғай бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Сіз тағылымдамадан өткен нотариус тағылымдаманың аяқталуы бойынша тағылымдамадан кәсіби дайындықтың бағдарламасын орындауды көрсететін қорытындыны дайындайды. Нотариустар тағылымдамасы ақылы өтеді.     

         Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидасына сәйкес, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер тұлға тағылымдамадан өткеннен кейін «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы:

1-өтініш; 2-нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттаудан өту үшін мәліметтер нысаны; 3-заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электронды көшірмесін жібереді.

         Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

         Қазақстан Республикасының Әділет біліктілік алқасында немесе Қазақстан Республикасы Жоғары Сот кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған адамдар, тұрақты судьялар және өз міндеттерін атқару кезінде теріс қылықтар жасағаны және заңдылықты бұзғаны үшін судьялық қызметінен босатылған судьяларды қоспағанда, тұрақты судья болып жұмыс істеген адамдар, сондай-ақ мемлекеттiк нотариустар аттестаттаудан өтпестен нотариаттық қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға құқылы.

         Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.

         Егер үміткер «Нотариат туралы» Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады. Аттестаттауға жіберуден бас тартылған жағдайда, аумақтық әділет органдары өтініш түскен күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірмей дәлелді шешімді үміткерге жібереді.     

         Аттестаттауға жіберілген үміткерге аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы

ұялы телефонға смс-хабарлама беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы «жеке кабинетіне» оны өткізгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабарлайды.

        Аттестаттау екі кезеңнен тұрады – ҚР заңнамасын білуге компьютерлік тест тапсыру және емтихан билеттері бойынша ауызша тапсырма орындау.

        «Нотариат туралы» Заңның 7-2-бабына сәйкес аттестаттаудан өтуде анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиетті, сондай-ақ байланыс құралдарын, сондай-ақ қандай да бір жазбаларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

        Аттестаттаудан кейінгі келесі күннен кешіктірмей комиссия аттестаттау немесе аттестаттамау туралы негізді шешім шығарады. Аттестаттау туралы комиссияның шешімі шығарылған күннен бастап 3 жыл ішінде жарамды болып табылады.

        «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі көрсетеді. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияны www.adіlet.gov.kz www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алады.

Ғ.Сариева,

Қызылорда облысының әділет департаментінің бас маманы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз