700 қызылордалық әскерге кетті

459

0

Облыстан 700 азамат Отан алдындағы міндетін орындауға аттанды. Олар әскери борышын ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінде, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінде, ҚР Ұлттық ұлан қызметінде, ҚР Қарулы күштері қатарында өтейтін болады.

– Азаматтарды жөнелту жұмыстары барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі. Аудандық, қалалық шақыру пункттерінде және облыстық жиын пунктінде санитарлық посттар қойылды. Санитарлық пост арнайы медициналық маманмен қамтамасыз етілген. Шақыру пунктеріне келген әрбір әскерге шақырылушыларды санитарлық нормаға сәйкес тексеріп, аудандық қалалық және облыстық медициналық комиссиядан өтуге жіберіледі, – деді Қызылорда облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Қанат Омаров.

Бұған дейін әскерге шақырудың көктемгі маусымында 800-ден аса қызылордалық аттанған. Әскери бөлімдерге елімізді қорғауға қабілетті, денсаулығы мықты, дене бітімі шыныққан, сауаты жеткілікті, моральдік-іскерлік қабілеті жоғары азаматтар жөнелтіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<