Бүгін – «Байқоңыр» ғарыш айлағының құрылған күні

1667

0

Бүгін Байқоңыр қаласының және «Байқоңыр» ғарыш кешенінің туған күні.

Әлемдегі тұңғыш ғарыш айлағының тарихы 1955 жылдан басталады. КСРО Үкіметінің 1955 жылғы 12 ақпандағы қаулысымен құрлықаралық баллистикалық зымырандардың сынағын өткізу үшін полигон салу туралы шешім қабылданып, сол жылы 2 маусымда Кеңес Армиясының Бас штабы полигонның ұйымдастыру-штаттық құрылымын бекіткен болатын. 

Кейіннен Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағының құрылғаны күні ретінде дәл осы күн белгіленді.

Іргетасы осыдан 65 жыл бұрын қаланған айлақтан алғаш рет 1957 жылы  ғарыш кемесі ұшырылды.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<