Мас күйінде көлік ұрлап, жол ережесін бұзған қызылордалық қолға түсті

422

0

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 39 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып, ауласында тұрған «Опель астра» маркалы автокөлігінің ұрланғаны жайлы хабарлаған.

Жедел басқару орталығы көлікті айдап әкетушіні анықтау және ұстау үшін «Тосқауыл іс – шарасы» аясында хабарлама беріліп, аталған автокөлікті кезекшілікке түскен қызметкерлер қала көшелерінің бірінде өрескел қателіктер жасап, жүргендігі және жол-көлік оқиғасы жасағандығы анықталды.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 30 жастағы қала тұрғынын ұстап тексеру барысында, жүргізуші көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде», делінген хабарламада.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<