Қазалыдағы базарлардың бірі өртенді

1958

0

Бүгін таңғы сағат 8 жарымдар шамасында Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі «Орын-Ай» жеке базарының аумағында өрт шықты, – деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«Өртке №9 өрт сөндіру бөлімінен 3 өрт сөндіру автокөлігі мен 24 жеке құрамы жұмылдырылуда. Басқа да мекемелердің жұмысшылары, техникалары тартылды. Өрт гидранттарында қысым көбейтіліп, құтқару жұмыстары жүргізілуде», – делінген хабарламада.

Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Аудан әкімдігі тарапынан комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<