Қызылордадан қандай пойыздар жүреді?

1394

0

Бүгіннен бастап елімізде 54 жолаушылар пойызы қайтадан жолға шықты. Соның 5-уі Қызылорда қаласынан жүреді, – деп хабарлады облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.

Атап айтқанда:

1. №21/22 «Семей – (Алматы) – Қызылорда – Семей»

2. №55/56 «Көкшетау- Қызылорда – Көкшетау»

3.№75/76 «Петропавл – Қызылорда – Петропавл»

4. №117/118 «Қызылорда – (Жезқазған) – Нұр- Сұлтан-1 – Қызылорда»

5. №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» бағыттары


Жолаушылар санитарлық-дезинфекциялық талаптарды қатаң сақтау арқылы тасымалданады. Жолаушылар сапарға шығу үшін термометриялық процедурадан өтеді. Теміржол вокзалына және әуежай ғимаратына жолаушылар ғана жіберіледі.

Сондай-ақ, оларды көліктен отырғызу немесе одан түсіру кезінде 1,5-2 метр аралығындағы қашықтық сақталуы тиіс.

Жолға шығатын адам өзімен бірге міндетті түрде жеке қорғаныс құралдарын (бетперде, санитайзер) алып жүреді.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<