Қызылорда: Журналистер мен ақындар айтысты

380

0

Сыр елінде журналистер мен ақындар арасында жыр бәйгесі өтті.

Додаға 6 жұп қатысты. Оның ішінде, алтауы қара сөздің майын ішкен азулы ақын, қалғаны журналистер.

Айта кетейік, жыр додасы екі кезеңнен тұрды. Екінші кезеңде тілшілердің айтыстағы тапқырлығы сыналды.

Сондай-ақ, дүбірлі айтыста қатысушылар Тәуелсіздікті жырлай отыра, жырдан шашу-шашып, бір-біріне өткір сұрақтар қойып, ұтымды жауаптар қайтарып, айтыс сүйер қауымның көңілінен шығып, көрермендердің ықыласына бөленді.

Аламан бәйге нәтижесі бойынша, І орынды «Әлімсақ» журналының тілшісі Айдар Сайлауов пен белгілі ақын Нұрмат Мансұров жеңіп алды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз