Шекарашылармен кездесті

911

1

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл Қазалы ауданына іссапары кезінде «Жанқожа батыр» атындағы шекара бөлімшесіне барып, шекарашылардың тыныс-тіршілігімен танысты. Елдің шетінде, желдің өтінде еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігін қалт жібермей күзетіп жатқан шекарашыларға алғысын айтып, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, «Жанқожа батыр» атындағы шекара бөлімшесінің келісім шарт бойынша әскери қызметшісі Абзал Сисеновке Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалін табыстады. Мұнан соң Жанқожа Нұрмұхаммедұлының мәңгілік тыныс тапқан мекеніне арнайы барып, халық батырына тағзым етіп, оның рухына бағыштап құран оқыды.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлдың Қазалы ауданына сапары кезінде аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов, аудандық мәслихат депутаты Райымбек Бөлебаев, сондай-ақ, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Асылхан Дәрібаев пен аудандық «Жас сарбаз» ұйымының төрағасы Әлихан Есмағамбет бірге жүрді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<