Шиелі: «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді

782

0

Шиелі ауданында «Қыс-2021» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына дайындығы пысықталды. Оқу-жаттығу жұмыстарымен танысу үшін аудан әкімінінің орынбасары Ерсұлтан Апетов, әр саланың жауапты мамандары қатысты.

Қыс кезіндегі төтенше жағдайларды жою және халықтың дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада қар тазалайтын техника, адам тасымалдауға арналған арнайы транспорт, өрт сөндіру және жедел жәрдем көліктерімен қоса қысқы техникалар мен құрал-жабдықтар толық бақылаудан өтті.Сала басшылары арнайы техникалардың және әр қызметтің жұмысымен танысып, дайындығы тексерілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<