Шиеліде көпқабатты тұрғын үйлер салынады

1067

0

Шиеліде өткен жылы 52691 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков мәлімдеді.

Былтыр аудан орталығынан үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй салынды. Оған облыстық бюджеттен 213,1 млн. теңге қаржы бөлінген. Барлық пәтердің кілті аудан тұрғындарына табысталды.

– Ауданда тұрғын үй кезегінде 1241 адам тұр. Бұл мәселені шешу мақсатында жұмыс биылда жалғасын табады. Қазір кенттегі «Береке» шағын ауданында 3 бөлмелі бір пәтерлі 25 тұрғын үй салынып жатыр. Өткен жылы құрылысына 233,8 млн. теңге бөлінген. Биыл 124,1 млн. теңге қаралды. Көпқабатты тұрғын үй салу жұмысын жалғастырамыз. Мәселен, кенттегі 18 пәтерлік 4 тұрғын үйдің құрылысына республикалық және облыстық бюджеттерден өткен жылы 195, млн. теңге қаралса, биыл 524,2 млн. теңге бөлінеді. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін толығымен аяқталады, – деді Шиелі ауданының әкімі Қамбарбек Мүбараков.

Аудан тұрғындарына жеке баспана салу мақсатында «Шұғыла» №2, №3 және «Шығыс» №4 мөлтек аудандарының инженерлік-инфрақұрылымына 145,8 млн.теңге қаржы қаралған. Бүгінде 15 шақырым жолға тас жол төселді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<