Сыр елінің әншісі «Славян базарында»

405

0

Осы жылдың 17-18 шілдесінде Белоруссияның Витебск қаласында 30-рет мерейтойлық «Славян базары» халықаралық фестивалі өтті. Музыкалық конкурсқа Сыр елінің перзенті, бриллиант дауысты әнші Дінмұхаммед Төлеубай қонақ ретінде шақырылды. Ол аймақ басшысының қолдауымен «Славян базарына» барып, өнер көрсетті.

Дінмұхаммед Төлеубай – Қазақ­станның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, марқұм Қаракөз Ақдәулетованың шәкірті.

Сыр топырағынан шыққан Димаштай жас өнер иесіне шығармашылық табыс тілейміз. Халықаралық ән байқауларында бағың жанып, өнерің өрге жүзсін! Талай ән додаларында оза шап! Қазақтың атын танытар, әлемді мойындатар талант иесі болуыңа тілектес­тігімізді білдіреміз.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<