Тіл – халық қазынасы

1122

0

Тіл қарым-қатынас құралы болуымен бірге оны тұтынушы халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ұлттық болмысын, мәдениет байлығын, сан ғасырларға созылған даму тарихын ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып жеткізуші, жинақтаушы қызметін атқарады.

Ата Заңымызға, Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңына» және «Тілдерді қолдану мен дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаларға» сай қазақ тілі еліміздің бүкіл аймағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болуы тиіс.


Тәуелсіздікпен бірге қазақ тілі де мемлекеттік мәртебесін бекітті. Бірақ, жасыратыны жоқ, тіліміз мемлекеттік мәртебе алумен қанатын жая алған жоқ. Тілдің қолданылу аясын кеңейту және мелекеттік қызмет салаларында іс қағаздарын ана тілде жүргізу, жаппай мемлекеттік тілде сөйлеу сияқты мәселелер әлі де өз деңгейінде емес. Сот жүйесі және құқық қорғау органдарында іс қағаздарының мемлекеттік тілде жүргізілуі толыққанды жүзеге асырылмай отыр.

Біздің ойымызша, мемлекеттік қызметкерлер, оның ішінде сот саласының қызметкерлері қоғамға және халыққа қалтқысыз қызмет көрсетудің жоғары сапалық деңгейіне лайық болуы тиіс.

Қоғамдық өмірдің барлық саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттілігі мемлекеттік қызметкерлер арқылы іске асырылады. Сондықтан, осы маңызы бар салалардың іс қағаздары, жалпы, құжат айналымы мемлекеттік тілде жүргізілгені жөн. Қоғамда, әсіресе, жастар арасында қазақ тіліне байланысты талап болмайынша, бұл мәселеде түбегейлі өзгеріс күту күрделі.Сондықтанда мемлекеттік тілді дамыту мәселесі мемлекет тарапынан қатаң бақылауда болуы тиіс.


Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек.

Қызылорда облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық
сотының бас маман сот отырысының хатшысы

А.Нұрғалиев

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<