Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда

758

0

Қызылорда облысы полиция департаментінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері және жергілікті полиция қызметі бөлім, бөлімшелерінің жеке құрамы әйелдерге қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтар арасында ақпараттық, білім беру, құқықтық түсіндіру бойынша жұмыстарын жалғастыруда.


2021 жылдың 6 айында облыс көлемінде әйелдерге қатысты орын алған 24 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Өткен жылмен салыстырғанда-14,3 пайызға төмендеді.


Қылмыстардың орын алуының негізгі себептері – алкоголь ішімдігін ішу және қызғаныш, материалдық жетіспеушілік пен ұрыс-керіс, арадағы қарым-қатынастың бұзылуы салдарынан болуда. Әйел адамдарға көбіне жақыны немесе танысы зиян тигізіп жатады.


Есепті мерзімде отбасы жанжалын шығарған 897 тұлға профилактикалық есепке алынып, оның 603-не қорғау нұсқамасы шығарылса, 125-не ерекше талап орнатылды.


Облыс бойынша профилактикалық есебінде «қолайсыз отбасы» санатында 73 тұлға есепте тұрады. ОПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы ӘЗЗҚ тобының ұйымдастыруымен, қала, аудан көлемінде учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция тобының қызметкерлерінің қатысуымен қолайсыз отбасылар тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеріліп, олармен профилактикалық әңгімелесу жүргізіліп, міндеттері түсіндірілді.


Ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде барлығы 1353 тұлға бар. Учаскелік полиция инспекторларымен 850 отбасы тұрғылықты мекен жайы бойынша тексеріліп, олармен де профилактикалық жұмыстар жүргізілді.


Дағдарыс орталықтарының және ҮЕҰ, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің мамандарын тарта отырып, отбасылық қарым-қатынастар саласындағы мәселелер бойынша сенім телефонының «Қауырт желісінің» жұмысы ұйымдастырылды.

Сенім телефонына жүгінгендер саны 16. Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге құқықтық, психологиялық көмектер көрсетіліп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қамқорлық» дағдарыс орталығына 2 отбасы орналастырылды.


Сонымен қатар, жоғары және орта оқу орындарында, кәсіпорындар мен мекемелерде, ұйымдарда «Жасөспірімдердің құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі», «Зорлық-зомбылықсыз қоғам», «Бақытты-отбасы, бақытты -ел», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы не білеміз» т.б тақырыбында әңгімелер, дәрістер, сыныптық сағаттар, дөңгелек үстелдер, тренингтер өткізілді.

Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<