Жалағашта көлік өртенді (видео)

1066

0

Жалағаш ауданының тұсында «Volkswagen Transporter» автокөлігі өртенді.

Әуесқой видеоны түсірушінің айтуынша, автокөліктегі газ құрылғысынан өрт шыққан.

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз қызметінің айтуынша оқыс оқиға 19.05.2021 жылы 22 сағат 26 минут шамасында Сырдария ауданы, «Қызылорда – Жалағаш» тасжолының 10-шақырымында болған. «Volkswagen Transporter» маркалы автокөлігі толығымен жанып кетті. Өрт сөндіру қызметінің 5 қызметкер мен 1 бірлік автокөлік күшімен 22 сағ. 50 минутта өрт толық сөндірілді. Абырой болғанда қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Кызылорда ньюс

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<