Осы жексенбі, яғни 21 маусым күні Қызылорда облысында 1 қала, 1 кент, 3 ауыл әкімінің сайлауы өтеді.
Атап айтқанда, Арал ауданының Арал қаласы, Жалағаш ауданының Ақсу және Жаңаталап ауылдық округтері, Шиелі ауданының Шиелі кенті және Жиделіарық ауылдық округінің әкімдері сайланады.
Арал қаласында 22989 сайлаушы, Ақсу ауылдық округінде 1028 сайлаушы, Жаңаталапта 424 сайлаушы, Шиелі кентінде 22669 сайлаушы, Жиделіарық ауылдық округінде 560 сайлаушы дауыс беру құқығына ие.
5 науқан бойынша 33 учаске жұмыс жасап, 230 комиссия мүшесі сайлаушыларға қызмет көрсетеді.
Жексенбіде өтетін 5 округтегі сайлауда 16 кандидат бюллетеньге енгізіледі. Олардың барлығы да өзін-өзі ұсынған.
16 кандидаттың 59 сенім білдірілген адамы аумақтық сайлау комиссияларынан тиісті куәлік алды.
Учаскеге келе алмайтын сайлаушылар 21 маусым күні 12.00-ге дейін өтініш беру арқылы үйден дауыс беруге мүмкіндік алады.
20 маусым – тыныштық күні. Дауыс беру таңғы 07.00-ден 20.00-ге дейін жалғасады.






