Жол жақсарса, тұрмыс түзеледі

310

0

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен жол желісін дамыту және жолаушылар тасымалы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты жиын өтті. Онда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеуімбетов биылғы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Облыс аумағында автомобиль жол­­дарының жалпы ұзын­дығы 3397 ша­қы­рымды құ­райды. Оның 1016 ша­қырымы – рес­публикалық, 2381 ша­қыры­мы облыстық және аудан­­дық маңызы бар автомобиль жолдары.

Биыл республикалық және облыс­тық бюджеттен барлығы 20 млрд теңге көлемінде қара­жат бөлініп, ұзындығы 360 шақы­рым­ды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдері және кө­ше­лер жөндеуден өткізілуде. Рес­публикалық бюджеттен төрт мемлекеттік бағдарлама арқылы 10,8 млрд теңге көлемінде инвес­тиция тартылды. Жартыжылдықта жос­парланған 6,6 млрд теңге 100% иге­ріліп, 50 шақырымнан астам авто­мобиль жолы жөндеуден өт­кізілді. Нәтижесінде жыл қоры­тын­­­­дысымен облыстық және ау­дан­­дық маңызы бар автомобиль жол­­дарының жақсы және қа­на­ғат­танар­лық индикаторлық көрсет­кіші­­нің үлесі жос­парлы 75% құрады.

Атап айтсақ, «Нұрлы жол» бағдар­ламасы аясында жалпы 11 647 млн теңгеге 45 жоба жүзеге асырылып, ұзындығы 250 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өткізілуде. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 1774,3 млн теңгеге Қызылорда қаласындағыСырдария өзені­нің сол жағалауын дамыту мақсатында үш жоба жүзеге асырылуда. «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы бойынша респуб­ликалық бюджеттен  2604,6 млн теңге бөлініп, елді мекендердің 64 көшесіне орташа жөндеу жұ­мыстары жүргізілуде. Ал, «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы аясында 1859,6 млн  теңге бөлініп, Арал қаласының ұзындығы 8,8 ша­қырым 8 көшесін салуға және қайта жаңғыртуға, Қазалы қала­сының ұзындығы 8,2 шақырым  10 көшесін қайта жаңғыртуға жұмыс жасалуда.

Қазалы ауданы «Қарлан» учас­кесін­дегі Сырдария өзені ар­қылы өтетін көпір жобасының мемсараптама қорытындысы алынды. Жобаның жалпы сметалық құны 4,4 млрд теңгені құрады. Оны Ұлттық экономика министрлігі арқылы 90/10 процентпен қаржыландыру мақсатында бюджеттік ұсыным әзірленуде.  

Облыс тұрғындары үшін маңызды жобалардың бірі – «Қы­зыл­орда-Жалағаш» автомобиль жолы. Биыл  республикалық бюд­­жет­тен 1 млрд теңге көле­мін­де қаражат бөлініп, мемле­кет­­тік сатып алу конкурсы аяқ­талуда. Жөндеу жұмыстары шілде айының соңына қарай басталады.

Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығын жаңарту жо­ба­­сындағы 3 көпірді толықтай кеңейту жұмыстары атқарылды. Қа­зір жол жабынын кеңейту және су құбыры мен газ жүйесін қайта орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті маңызы бар жол бойындағы көпірлердің техникалық жағдайы алаңда­тып отыр. Қазір апаттық жағдайдағы 5 көпір өткелі мемсараптамадан өткізілуде. Қорытындысы тамыз айында белгілі болады. Басқарма басшысы Шиелі ауданындағы апаттық жағдайдағы 2 көпірдің құрылысын биылдан қалдырмай бастау қажеттігі туындап отырғанын айтты. Осындай жұмыстар аудандық әкімдіктерде де жүргізілуде. Қазалы ауданы 3 көпірдің, Арал, Жалағаш аудандары теміржол үстінен өтетін автокөлік жолы­ның және Жаңақорған ауданы 3 көпірдің  жобасын әзірлеуде.

Сондай-ақ облыс көлемінде 6 қал­қы­малы қайық өткелі бар. Бұл қайықтардың да техникалық жағдайы бақылауда. Арал ауда­нының Хан учаскесіндегі Сыр­дария өзеніне салынған қал­қымалы қайық өткеліне күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ әзірленген. Құны – 357,4 млн теңге.

Жиында «Қорқыт ата» әуе­жайы терминалын қайта жаң­ғырту және кеңейту жобалары, облыс аумағындағы темір жол вокзал­дарының жай-күйі сөз болды. Облыс әкімі мемлекеттік бағ­дар­ламалар арқылы бөлінген қар­жының уақытылы игеріліп, мақсатты жұмсалып, жөндеу жұ­мыс­тарының сапалы болуын тапсырды. Сонымен қатар, көлік айналымы қызметін бақылауға алуды жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<