Жұмыс жүйелі жүргізілуде

460

0

Партияның негізгі міндеттерінің бірі – азаматтардың өтініштері мен тілектерін сапалы қарауды қамтамасыз ету. Осы орайда Партия басшылығы алғашқы күннен өз алдына халықтың көкейіндегі проблемаларды шешудің тиімді жүйесін жасау және барлық жерде партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысын күшейту мақсатында аса зор жауапты міндеттер қойды.


Бүгінгі күні партияның аймақтық және аумақтық филиалдарында облыс, қала, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары, басқарма, бөлім басшылары, облыстық, аудан­дық депутаттық фракция мүше­лері, филиал төрағаларының орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап келеді. Сонымен қатар облыс, қала, аудан прокурорлары мен Әділет департаменті басшысы және т.б. құқық қорғау органдары жетекшілері де тұрақты түрде азаматтарды қабылдау жүргізуде. Мәселен, жыл басынан бүгінгі күнге дейін барлық қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 635 азамат өтінішпен келіп, олардың 45 пайызы оң шешімін тапса, қалған азаматтарға құқықтық кеңестер берілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша 47 азаматтың өтініші зер­деленіп жатыр. Бұл – халықтың пар­тияға деген үлкен сенімі деп білеміз.


Осы орайда партияның қоғамдық қабылдау бөлмелерінде аптасына 5 күн, екі мезгіл азаматтарды қабылдау өткізілетіндігін және қабыл­дау­шы­­лардың қызметі, аты-жөні алдын – ала партияның әлеуметтік желі­лер­дегі ресми парақшаларында хабарландыру ретінде жарияланып отыратындығын жеткіземіз. Сонымен қатар, депутат­тардың қабыл­­дауы мекен-жәй бойынша деген ереже жоқ. Кез кел­ген азамат мәселесін келіп жет­кізуіне болатындығын назарға саламыз.

Тұрғындар өтініштері жазбаша берілген жағдайда ол арнайы тіркеуге алынып, өтініш иесіне арнайы талон беріледі.
Қоғам тынысындағы қайбір мә­селе болмасын партия назарға алып отыр. Сонымен бірге қазіргі эпиде­миологиялық жағдай ескеріліп онлайн форматта да қабылдаулар ұйым­дастырылуда.

«Nur Otan» партиясы
облыстық филиалының
баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<