Зияткерлік меншікті қорғау – заман талабы

1941

0

 «Зияткерлік меншік» термині Қазақстан Республикасының заңына 90-жылдардың басында кірді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бастап, дүниежүзілік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, сол арқылы халықаралық қатынастарда өзіне сәйкес құқықтар мен міндеттерді қабылдап отыр.  Қазіргі уақытта зияткерлік меншіктің рөлі мен маңызы қарқынды өсуде.

Азаматтардың зияткерлік меншік обьектісі Конституция бойынша сақталады, заң жүзінде қорғалады. Біздің елімізде Қазақстан азаматтарымен қатар шетел азаматтарының да зияткерлік меншік құқығы заң алдында тең қорғалады.

Азаматтардың зияткерлік меншігін қорғау арқылы мемлекет олардың шығармашылық өрісінің дамуын, сол арқылы ел экономикасының дамуына қолайлы жағдай жасайды. Зияткерлік меншіктің қорғанысы әлемде елдің ахуалын анықтайтын маңызды факторларының бірі болып есептеледі. Әрбір кәсіпкер, өз жұмысында зияткерлік меншік обьектілерін қолданып, табыс табу мақсатында лицензиясыз өнімдерді пайдалану немесе меншік иесінің рұқсатынсыз жұмыс жасау заң алдында жауапкершілікке тартылатындығын білуі қажет.

Заман ілгерілеген сайын, қоғамда түрлі жағдайлар орын алуда. Контрафактілік әрекеттер біріншіден, ел экономикасының дамуына кедергі жасаса, екіншіден дүниежүзілік аренада ел атауына өз зиянын тигізуде. Әсіресе, тауар белгілері арқылы халықты алдау кеңінен таралған. Осы ретте, Әділет органдары бөтеннің тауар белгісін рұқсатсыз пайдалану жауапкершікке әкеліп соғатынын ұдайы насихаттап келеді. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығын әрбір кәсіпкер білуі қажет.

Бүгінде Жаңақорған ауданаралық Әділет басқармасымен зияткерлік меншікті қорғау саласы бойынша 26 онлайын құқықтық көмек көрсету, 3 семинар, 2 дөңгелек үстел, 5 мақала, 2 радио, 27 дәріс оқылды.

С.Ибраев,

Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасының басшысы,

ҚР Заңгерлер одағының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<