«Набат» фильмінің көрсетілімі

515

0

Шәкен Айманов атындағы киностудия 1992 жылдың ақпан айында Қызылорда облысы төңірегінде еліміз Тәуелсіздік алғанынан тура 68 күннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ішкі істер органдары жүзеге асырған «Набат» арнайы операциясы жайлы «Набат»  фильмін түсірді.

«Набат» – қамауға алынып, Ресейге этапталған вагонзак күзетшілерін өлтіріп, этаптан бой тасалаған 7 рецедивист қылмыскердің тұтқынынан алынған 12 қызылордалықты тұтқыннан босатуға бағытталған арнайы операция.

Арнайы операция 1 тәулік ішінде Қызылорда облысы төңірегінде басталып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы жасағы Шымкент қаласының әуежайында қылмыскерлердің көзін жойған.

Оған Ұлттық қауіпсіздік комитеті жергілікті департаментінің сол кездегі 8 қызметкері, қазіргі арнаулы мемлекеттік органының ардагерлері қатысқан.

Арнайы операция желісімен түсірілген фильмнің тұсаукесер көрсетіліміне Ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының ардагерлері, арнаулы мемлекеттік және күштік құрылымдарының жас қызметкерлері қатысты.

Тұсаукесер көрсетілімде Ұлттық қауіпсіздік органының құрметті ардагерлері, отставкадағы полковниктер Әмірхан Бәкірұлы, Еркінбек Қойшыбаев, Ұлттық қауіпсіздік органдары ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы, запастағы полковник Серік Досмағамбетов  және Ішкі істер органының құрметті қызметкері, облыстық мәслихат депутаты, «Набат» арнайы операциясының желісі бойынша жарық көріп, Кемел Тоқаев атындағы детектив шығармалар байқауының жүлдегері атанған «Операция Набат» шығармасының авторы, отставкадағы полковник Әмірбек Шаймағамбетов сұхбат берді.

«Набат» фильмінің корпоративтік көрсетілімін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаменті мен департаменттің ардагерлер кеңесі ұйымдастырған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<