Алаяқтық қылмыстары неге ашылмайды?

1021

0

2020 жылдың 7 айында Қызылорда облысы бойынша 333 алаяқтық қылмыстары тіркеліп, 2019 жылмен салыстырғанда 39,0 пайызға төмендеген. Ішкі істер органдары қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде аталған қылмыстың 185 ашылып, қылмыскерлерге қатысты тиісті шаралар қолданылды.


Тіркелген алаяқтық қылмыстарын талдасақ, несие алуға көмектесемін дегендер 42, кезексіз жер алып беремін дегендер 41, кезектен тыс пәтер алып беремін 67, интернет желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есеп шотына ақша салдырғандар саны 141 және өзгеде жолмен жасалған 42 алаяқтық тіркелген.


Бұл қылмыстардың орын алуына жәбірленушілердің әлеуметтік жағдайларын түзеп беруге, жұмысқа орналасу, мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау, жеңілдетілген пайызбен несие алып беру, кезектен тыс жер, пәтер алу жұмыстарына көмектесуге уәде еткен азаматтардың сөзіне алданып, оңай жолмен өз жұмыстарын бітіруге талпынулары себеп болып отыр.


Қызылорда қаласының тұрғыны сенімді теріс пайдалану жолымен танысының атынан интернет банкінен 75.000 теңге ақша алып, жымқырған.Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасымен аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен /алаяқтық/ сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеу барысында күдікті қатарында танылған Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны өзінің жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындады.
Тергеу барысында күдікті азаматшаның аталған қылмыстан бөлек тағы алаяқтық жасағаны анықталып, бұл қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген. Қылмыстық әрекет толығымен өз дәлелін тауып, іс айыптау актісімен сотқа жолданды.


Сонымен қатар, Қызылорда қаласының тұрғыны әкімшілікте жұмыс жасаймын деп, көп қабатты үйлерден пәтер алып бермін деген желеумен өзінің танысының жеке куәлігі мен банк картасының пайдаланып, микрокредиттік мекемелерден жалпы 305 000 теңге несие рәсімдеген.


Бұл дерек бойынша Қызылорда қаласының 26 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен (алаяқтық) сараланып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тергеу барысында күдікті азаматшаның жасаған алаяқтық іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Күдікті азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндірген.


Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде айыпталушыға 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Ағымдағы жылдың 7 айында алаяқтық жасағаны үшін 120 адам ұсталып, 61-не қатысты қылмыстық іс айыптау қорытындысымен сотқа жолданса, 59-на қатысты екі жақтың ымыраласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылған.

Осы қылмыстарды жасаған күдіктілердің 69-ы әйел, 51-і ер азаматтар.
Бұл әйелдердің сенімге кіру мүмкүндігі жоғары екендігін және тұрғындардың ерлерге қарағанда әйелдерге көбірек сенетіндігін көрсетеді. Сондай-ақ, қылмысқа баратын әйелдер де әшкере бола қалған жағдайда өздеріне ауыр жаза тағайындалмайтынын біледі.

Алаяқтық қылмысының ашылмай қалуының бірнеше себептері бар:
бірінші, жәбірленушілердің кеш арыздануы. Ағымдағы жылдың 7 айында алаяқтық қылмысы бойынша 113 азамат құзырлы органдарға кеш арызданған.


Екіншіден, әлеуметтік желі арқылы берілген жарнамадағы затқа алдын ала төлем жасауды немесе ұялы телефон арқылы басқа қалада жүрген баласын немесе бауырын қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін деп ақша сұрағандарға алданып, бейтаныс адамның шотына ақша аударады (Киви кошелек, ОЛХ жарнамасы және т.б.).


Үшіншіден, кәсіпкерлердің, жеке тұлғалардың арасында екі жақпен жасалған келісім–шарттың негізінде сатылған заттың қаражаты уақытылы қайтарылмай, құзырлы органдарға алаяқтық жайында арызданады. Бұл жерде күдікті де, жәбірленуші де белгілі болғанымен, олардың арасындағы даулы қарым-қатынастың азаматтық дауға немесе қылмыстық әрекетке жататынын дәрежелеу мен шешім қабылдауда қиындық тудырып, ашылмаған қылмыс санын көбейтуде.


Бүгінгі күнге алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында Қызылорда облысы Полиция департаментімен кешенді іс-шаралар атқа¬рылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыстың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың арбауына түсіп қалмау жайлы қандай сақтық шараларын сақтау керектігі түсіндірілуде.


Осы мақсатта халыққа қызмет көрсету орындары мен базарларда, сауда орталықтарында плакаттар ілініп, жаднамалар таратылды.
Сонымен қатар, алаяқтық фактілері орын алған жағдайда тез арада полицияға хабарлауды естен шығармағаныңыз абзал. Алаяқтықпен күресті бүкіл ел болып жүзеге асыруымыз керек. Бұл – баршаға ортақ іс.


Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<