Ата Заңды оқып тұрасыз ба?

1328

0

Құрметті оқырман! Сіз еліміздің Конституциясын оқып тұрасыз ба? Ол не үшін керек?

Ол азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты, құқығымыз бен міндетімізді ұғыну үшін де керек.


Қазақстан Республикасы аза­маттарының негізгі конституциялық міндеттері Конституциямыздың бес бабында нақты көрсетілген. Олар көп емес, бар болғаны жетеу ғана. Иә, демократиялық мемлекет көп талап етпейді де.

Сонымен Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір азаматқа келесі міндеттерді жүктейді.

  1. Әркiм Қазақстан Республи­ка­сының Конституциясын және заң­дарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абы­ройы мен қадiр-қасиетiн құрмет­теуге мiндеттi (34-бап).
  2. Әркiм Республиканың мемле­кеттік рәміздерін құрметтеуге мiн­деттi (34-бап).
  3. Заңды түрде белгiленген са­лықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әрі мiндетi болып табылады (35-бап).
  4. Қазақстан Республикасын қор­ғау – оның әрбiр азаматының қасиеттi парызы және мiндетi (36-бап).
  5. Республика азаматтары заңда белгiленген тәртiп пен түрлер бо­йынша әскери қызмет атқарады (36-бап).
  6. Қазақстан Республикасының аза­маттары тарихи және мәдени мұ­ралардың сақталуына қамқорлық жа­сауға, тарих пен мәдениет ескерт­кiштерiн қорғауға мiндеттi (37-бап).
  7. Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға жә­не табиғат байлықтарына ұқыпты қа­рауға мiндеттi (38-бап).
    Ал енді Ата Заңымыз кепілдік берген азаматтардың жеке құқығы мен бостандығы туралы оқып шы­ғайық. Олардың бізге жүктелген мін­деттерден көп екенін атап өтуге болады.
  8. Әркiмнiң өмiр сүруге құқығы бар (15-бап).
  9. Әркiмнiң өзiнiң жеке басының бостандығына құқығы бар (16-бап).
  10. Адамның қадiр-қасиетiне қол сұ­ғылмайды (17-бап).
  11. Әркiмнiң жеке өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құ­қығы бар (18-бап).
  12. Әркiм өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-көр­сетпеуге хақылы (19-бап).
  13. Сөз бен шығармашылық ер­кiндiгiне кепiлдiк берiледi (20-бап).
  14. Қазақстан Республикасы аума­ғында заңды түрде жүрген әрбiр адам, заңда көрсетiлгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркiн жүрiп-тұ­руға және тұрғылықты мекендi өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар (21-бап).
  15. Әркiмнiң ар-ождан бостан­ды­ғына құқығы бар (22-бап).
  16. Тұрғын үйге қол сұғылмайды (25-бап).
    Міне, осы жоғарыда келтірілген Конституция баптарын бәріміз бі­луіміз керек.
    Ата Заңымыз осыдан 25 жыл, нақтырақ айтқанда, 1995 жылы 30 тамызда Бүкілхалықтық рефе­рен­дум­да қабылданып, бекітілді. Оған дейін Конституция жобасы елімізде кеңінен талқыланды. Талқылауға 33 мыңдай еңбек ұжымы мен 3 миллионнан аса азамат қатысты.
    Конституцияны әзірлеу кезін­де Қазақстан Республикасы Тұң­ғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шет елдердің тәжірибесін зерттеді. Әр­­түрлі ел­дердің 20 шақты заңы қа­растырылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<