Қазақстанда заңсыз пәтер жалға беруші 7 мың адам анықталды

380

0

2018 жылдың 6 айында Қазақстанда заңсыз жалға беретін 7 мың адам анықталған. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Камералдық мониторинг басқармасының бас маманы Куляш Искакова «Тұрғын үйді заңсыз жалға беру» тақырыбында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Биыл алты айда басқа да уәкілетті органдармен бірлесе пәтерді заңсыз жалға беруші 7000 адамды анықтадық. Олардың бәрімен жұмыс істеген соң жеке кәсіпкер ретінде тіркелді», – деді Искакова.

Оның айтуынша, бүгінде пәтерді заңсыз жалға берумен айналысқан 700 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға алдымен ауызша ескерту жасалып, екінші рет қайталанса 36 075 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

«Тұрғын үйді заңсыз жалға беру бойынша Алматы бірінші орында тұр. Содан кейін Астана қаласы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысында да заңсыз пәтер берушілер көп. (…) Сегіз айда Алматыда 1127, Астанада 1049 заңсыз пәтер жалға беруші анықталды», – деп хабарлады басқарма қызметкері.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<