Берік отбасы – есірткіден алыс

995

0

Тозақтың отындайын тұтанатын,

Жоғалтатын адамның парасатын.

Есірткі – жауың болар тура жолда,

Көп екен жастарың да адасатын.

Байлықтың әуелгісі – иман екен,

Екіншісі – денсаулық тұрса деп ем.

Жолама есірткінің ащы иісіне,

Ғылым ізде одан да ойы терең.

Ата жауың болмап па еді есірткі,

Таппа оған жас өренім себепті.

Денсаулығың – сенің қымбат байлығың,

Жақсы ас пен спорт екен керегі.

Ойды түзе, ақыл жина, пәк ниет,

Салма тәнді лас нәрсеге «әрі» деп.

Болашағың мына өзіңнің қолыңда,

Денсаулықтың бар кезінде шүкір ет.

Болашақтың кірпішін қалайтындай,

Ата-ана үміттеніп қарайтындай.

Болыңдар ақыл менен тәрбиесі,

Бойына бар ізгіні жинайтындай.

Есірткі, лас нәрсе ғой жоламашы,

Болашаққа үңіліп бір қарашы.

Денсаулық – байлық екен оралмайтын,

Қадірін түсінер деп әр баласы.

Әке, сенің орның бөлек басқадан,

Егер анам кітап болса, сен – қалам,

Саған қарап ұл өседі қашанда.

Ал анамнан мейірбандық ән алам,

Есірткіден алыс болып әрқашан,

Дұрыс жолды көрсетерсің сен маған.

Болайық берік отбасы,

Жоламаған жаманға,

Есірткісіз болашақ.

Жетелеген арманға,

Ал армандар алдыдан,

Жол бастар аппақ таңдарға.

Отбасы үндеуі

Жукашовтар отбасы

Қызылорда қаласы №198 орта мектеп

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<