Көк тудың желбірегені…

2855

0

Елбасы-Қазақстан Респуб­ли­касының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Біз тәуел­сіздікке аң­сап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті рәміз­дерін де ерекше қадірлеуіміз, қас­­терлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұ­мардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы» деген еді.

Біздің көк байра­ғымыз басқа елдердің туларының арасынан ерекше көз­ге түседі. Мұндай мақтанышты шет ел­де оқыған әр қазақ ба­ласы сезінеді деп ойлаймын. Өзім Ұлы­британияның Борнмут уни­вер­си­тетінде оқып жүр­генде төрімізге Туы­мыз бен Ел­таң­­бамызды іліп қоя­тын едік. Қазақ­стандықтар бас қос­­қан жиындарды Ән­ұран шырқаудан бастаймыз.

Әлемде осындай бақытты сезінбеген, еліне арқа сүйей ал­майтын, Туын көтеріп, Әнұранын шырқауға мүмкіндігі жоқ ұлттар бар екенін білдік. Білдік те, Қазақстандай қабыр­ғалы елімізге, аспан түстес бай­ра­­ғымызға, алтын түстес Ел­таң­бамызға, асқақ рухты Ән­­ұранымызға деген құр­ме­тіміз бұрынғыдан да еселене түсті. Көгілдір жалау­шамызды қолымыздан тас­тамай ұстап жүретін болдық. Жергілікті тұрғын­дар қызығушылық танытса, Қазақстан деген елден екенімізді мақтанышпен айтатын едік.

Рәміздерді құрмет  тұту бір күндік немесе нау­қандық шара емес. Туымыз – тұғырында, Елтаңбамыз – төрде, Әнұранымыз көкте тұрса, ол әр азаматтың абыройы, жеңісі деп ойлаймын.

Бекзат ЫРЗА,

«Болашақ» бағдарламасының түлегі.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<