Мектеп жаңа курсанттармен толықты

623

0

Қызылорда қаласындағы әскери-техникалық мектебі мамыр айында 36 курсантты қабылдады.

Бұл осы жылы Қызылорда гарнизонында орналасқанәскери-техникалық мектебіне қабылданатын курсанттардың үшінші легі. Олар алдағы уақытта жоспарға сай тактикалық, жауынгерлік және атыс дайындықтарының ерекшеліктерін оқып, әскери-патриоттық тәрбие сағаттарына қатысады. Әскери-техникалық мектептеоқытудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданатын білікті мамандар сабақ береді.

 –Қазақстан Республикасының әрбір азаматы Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Мен мектеп табалдырғынанофицер болуды армандайтынмын. Әскери-техникалық мектеп қабырғасында өзімнің әскери білімімді толықтырып, алдағы мақсатыма қадам жасаймын. Осында алған тәрбие болашақта міндетті түрде өз пайдасын беретініне сенімдімін, – дейді курсант Олжас Айтбай.

Алдағы 40 күн ішінде жауынгерлер казармалық тәртіпке үйреніп, оқу-жаттығу полигонында 2 рет қарудан оқ атулар жүргізеді. Күнделікті әскери дәріс тыңдай отырып, тактикалық, жауынгерлік, саптық т.б. тәжірибелерін жетілдіреді.

Қызылорда қаласы әскери-техникалық мектебінбітірген әрбір жауынгер ел Қарулы күштеріне қызмет етуге дайын.

Мұхит Қонаров,

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы

лейтенант

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<