Мысырда бір ауылдың жүздеген тұрғыны беймәлім дертті жұқтырды

491

0

Фото: egyptindependent.com

Мысырдың Кена провинциясында 250-ге жуық тұрғын «тылсым» індет жұқтырып, шағымданғаннан кейін елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Egypt Independent басылымына сілтеме жасап.

Мәлімдемеде Әл-Алекат ауылындағы науқастар зардап шегіп отырған ауру белгілері бірдей емес және бәрі жеңіл әрі бірқалыпты болғандықтан ауруханаға жатқызуды қажет етпейді делінген.

Симптомдар қатарында қалтырау, сүйек ауруы, әлсіздік бар. Бұл белгілер үш күннен бес күнге дейін жалғасады.

Министрліктің айтуынша, бұл – суық тию мен тұмау, гастроэнтерит пен қалтырау секілді көптеген ауруларға тән ортақ белгі.

Ол ыстықта тарап, науқас демалып, қызуды түсіретін дәрі ішсе, сондай-ақ жеткілікті мөлшерде су ішсе жоғалып кетеді.

«Тылсым» індетті тергеу үшін ауылға профилактикалық және терапевтік медицина мен эпидемиологиялық бақылау тобы жіберіліп, науқастардан қажетті талдау мен сынама алынды.

Елде беймәлім ауру тарағанын естіген Ресей Федерациясының бақылау органы Мысырдан келетін рейстердегі санитария шараларын қатаңдатты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<