Шаруашылықтың техникалық базасы кеңеюде

1132

0

Егіннің жайын сұрап, елең­деген елге биыл да Сыр диқан­дары биік межеден көрін­генін сүйіншілейтін уақыт жақындап келеді.
Өткен жылы ауыл диқандары гектарына 67 центнерден өнім жинап, бірнеше жыл қатарынан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізсе, биыл да еңбек еткен елдің несібесін Жер-Ана ортайтпады. Шіліңгір шілденің ыстығында дала диқандары алтын дәндерін баптап, одан жоғары өнім алуды ниет етті. Ал межелеген мақсаттан оза шығу үшін ең алдымен шаруашылықтың техникалық базасы жақсы болуы тиіс.

Серіктестік ағымдағы жылы техникаларды жаңартып, салаға серпін бере түсті. Атап айтқанда, «CLASS LEXION 750» комбайнының 2 данасын, «CLASS AXION 820» тракторының 3 данасын, соқа фермердің 3 данасын, дискілі тырманың (БДТ) 1 данасын, лазерлік фермердің 2 данасын және жаңа түрік сеялкасының(сепкіш) 2 данасын алып, шаруашылықтың техникалық базасы нығая түсті.

Еске сала кетейік, серіктестік биыл 2 800 гектар алқапқа Сыр салысын, 1200 гектарға жуық жоңышқа, 400 гектарға бидай, 50 гектар алқапқа мақсары дақылдарын екті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<