Құрылтай

Сығанақ қалашығы реставрацияланып жатыр

5

0

«Қазқайтажаңарту» РМК Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында орналасқан Сығанақ қалашығында ғылыми-реставрациялық, консервациялық жұмыстар жүргізіп жатыр. Консервация қалашықтың тарихи-сәулеттік келбетін сақтай отырып жасалуда.

Қазіргі таңда қалашық аумағындағы екі мазар мен тұрғын үй нысанында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ескерткіштердің бастапқы құрылымын сақтап қалу мақсатында түпнұсқа қабырғалардың құлауына, жарылуына жол бермеу үшін оларды қосымша кірпіш қатарымен бекіту жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар мазарлардың қабырғалары ғылыми негіздемеге сәйкес биіктетіліп қалануда.

Сығанақ қалашығында жұмыстар жоспарға сәйкес әлі де жалғасып жатыр. «Қазқайтажаңарту» РМК консервациялық жұмыстарды қалашықтың тарихи бейнесін сақтай отырып, белгіленген мерзімде аяқтайды.

Сығанақ қалашығы реставрацияланып жатыр