Трактор тізгіндеген жылдар

1148

0

«Тұлға» айдарының кезекті кейіпкеріқармақшылық Мейрамкүл Нұржақыпова саналы ғұмырын ауыл шаруашылығына арнады. Оның ішінде трактор тізгіндеген жылдарын жылылықпен еске алады.

Ауданның бұрынғы Ча­паев, қазіргі Ақтөбе елді мекенінде туып-өскен ол арман қуып, басқа қалаға кеткен жоқ. Қатарластарымен бірге ауылда қалып, тракторшы мамандығы бойынша алты айлық курс оқып бітірді. Қызыл дипломы бар қызды өз ауылы құшақ жая қабылдады. Бірден техника тізгінін ұстатып, егістік басына жіберді. Осылай басталған еңбек жолында кейіпкеріміз ауырт­палығы көп саланың қыр-сырын үйренді.

– Әуелі трактор, кейін комбайн жүргіздім. Күріш ектім. Тұрмысқа шыққан соң да осы жұмысты жалғастырдым. Өйткені балаларды марқұм енем бақты. Ол кісімен тұрған 37 жылда отбасылық қиын­дықтарды бірге ең­сердік. Қазір, Аллаға шүкір, балалар өз алдарына бір-бір отау тікті, – дейді Мейрамкүл апа.

Жасы 60-тан асқан кейіп­ке­ріміздің жолдасы да аграр­лық салада көп жыл көлік тізгіндеген. Қармақшы ау­дандық пар­­тия комитетінің бі­рінші хатшысы қыз­метін атқарған Елеу Көшербаевтың «сен­дер ауылды көтеруге атса­лысуларың керек» деген сөзі ерлі-зайыптыларды жі­гер­лен­дірген еді. Екеуі Жосалыда тұрып, сонда өсіп-өнді.

Егістік басында ер аза­мат­тармен иық тірес­тіре жұмыс істеген жылдар Мейрамкүл апайдың кеше­гідей есінде.

– Ол кезде заман тыныш, адамдардың пейілі кең еді ғой. Ер-әйел деп бөлінбей, қандай тапсырма болса да бірге атқардық. Бүгінде бейнетіміздің зейнетін кө­ріп отырмыз, – дейді ол.

Кейіпкеріміздің еңбе­гі­нің елеусіз қалған кезі жоқ. Ол – КССР-дің Құрмет гра­мо­тасының, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек даң­қы» ме­да­ль­дарының иегері.

Назерке САНИЯЗОВА,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<