Жастарға кеңес беру шарасы өткізілді

335

0

Бүгін 12 тамыз-Халықаралық жастар күні мерекесі аясында Шиелі кенті, «Арзан» сауда орталығында сала мамандарының қатысуымен аудан тұрғындарына, оның ішінде жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар бойынша кеңес беру шарасы ұйымдастырылды.
Шара барысында тұрғындар мен жастар «Дипломмен ауылға», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы 2020», «Жасыл ел» бағдарламалары, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжіне 2018-2019 оқу жылына талапкерлерге қандай кәсіптік-техникалық мамандықтарға оқуға түсуге болатындығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өздеріне керек мәліметтер алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<