Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында біртұтас ұлт тарихын игеру үшін әуелі туған өлке тарихын білу керектігін айтқан болатын. Қазіргі таңда осыған байланысты көптеген жұмыстар жүріп, аймақта «Рухани қазына» кіші бағдарламасы аясында туған жердің мәдениеті мен өнегелік құндылықтары дәріптеліп жатыр. Осы тұста, біз де аудан көлеміндегі тарихи құндылықтарға толы жерлерді, мемлекет қорғауындағы ескерткіштерді аралап, рухани-мәдени жәдігерлеріміздің құндылығын тануды қолға алған едік.
Оғыз кезеңінің «батпақты қалалары» Қазалының оңтүстігінде жатқан үшбұрышты келген түбекте орналасқан. Арал теңізінің бұл түбегі солтүстігінде Сырдария арнасымен, батысында Арал теңізімен және оңтүстік-шығысында Қуаңдария өзенінің ежелгі арнасы құятын батпақты, қамысты табандықпен (Бозкөл шатқалы) шектеседі. Бұл қалалардың ішінде ең ірісі – Кескен күйік қала, содан кейін Жанкент және Күйікқала. Барлығы дерлік пішіні төртбұрышты, дуалмен және ормен қоршалған.
Батпақты қалалардың қалыптасу кезеңі ертеден басталады. Олардың негізгі тарихи кезеңі, оғыз мемлекетінің қалыптасуы мен Сырдарияның төменгі, орта ағыстарының бойында, Арал және Каспий теңіздері мен Волга өзендерінің алабындағы жерлерге оғыз тайпаларының саяси өсуімен байланысты. Қазір зерттеушілердің арасында оғыз қалалары туралы көптеген пікірлер қалыптасқан. Мысалы В.Бартольд өзінің зерттеулерінде Сыр бойындағы Оғыз қалалары көшпелі оғыз тайпаларына тиесілі емес, бұл қалалардың негізін жергілікті тұрғындар салған дейді. Сондай-ақ бұл қалаларды салуға хорезмдіктердің де ықпалы болған.
Осы қалаларға оғыз қағанатының ықпалы күшейіп, оғыз тайпаларының бір бөлігі қалаларға тұрақтап отырықшылыққа көшкен деп тұжырымдаған. С.Толстов өзінің зерттеулерінде В.Бартольдтың тұжырымын нақтылай түседі.
Күйікқала Жанкенттен оңтүстік батысқа 55 шақырым қашықтықта орналасқан. Мұнда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілмеген. Тек 1946 жылы С.Толстовтың жетекшілігімен ХАЭЭ топографиялық жоспарын жасап, беткі қабаттан жинақталған деректер бойынша ескерткіштердің мерзімін анықтаған. Бұл ескерткіште де 2006 жылы Ж.Құрманқұловтың басшылығымен ШРАЭ-ның археологиялық барлау отряды (отряд жетекшісі Ә.Тәжекеев) археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда Күйікқала мемлекет қорғауында.
Ескерткіштің географиялық координаттары анықталып, қаланың үстіңгі қабатынан археологиялық заттар жинап алынды. Қала пішіні төртбұрыш тәріздес, көлемі шамамен 300х150 метр. Солтүстік бөлігінде солтүстік және шығыс қабырғалары 40 метр, оңтүстік және батыс қабырғалары 70 метрге тең цитаделі орналасқан.
Ені 10-20 метр ормен қоршалған. Беткі қабаты түсі қара топырақпен көмкерілген, бұл қаланың толықтай өртке оранғанының нәтижесі деп болжауға болады. Жалпы бұл қалалардың «Кескен күйік қала», «Күйікқала» аталу себебі осында жатыр. Құрылыс іздерінен майлы топырақ екенін байқауға болады. Деректерде қамал кірпіштеріне түйе сүтін, жылқы қылын қосқаны туралы айтылады. Жауынға үгітіліп құламау және жауын суын қабылдамай ағып кетуі үшін осы әдіс қолданылған. Қаланың үстіңгі қабатынан құрылыс іздері байқалады. Сонымен қатар керамика сынықтары (қара, сұр, кызыл, қоңыр және ангобталған), қоладан жасалған заттардың сынықтары және моншақтар кездеседі. Археологиялық деректер Кескен күйік қаладан табылған заттарға ұқсас, яғни қала б. д. І мыңжылдығының аяғында өмір сүрген.
Көнекөздердің айтуынша, қaлaдa сaудa жaқсы дaмығaн. Тaбылғaн бұйымдaрдың iшiнде әртүрлi тиын-теңгелердiң болуы оны рaстaйды. 2006 жылы ШРAЭ тіркеу суреттерін жaсaп, координaттaры aлынғaн. 2011 жылы ескерткішті «Aрхеологиялық сaрaптaмa» ЖШС бaрлaу жaсaқтaры зерттеген. Кіші күйік қaлaшығы бөктердің шыңындa орнaлaсқaн және оның бүкіл aумaғын aлып жaтыр. Жоспaры жaғынaн тіктөртбұрышты қaмaл бaр төбе. Қaбырғaлaрының өлшемі шығыстaн бaтысқa қaрaй 350, солтүстіктен оңтүстікке қaрaй (қaмaл орнaлaсқaн жер) 210, қaбырғaдaн қaбырғaғa дейін солтүстіктен оңтүстікке қaрaй 180 метр. Кіші Күйікқaлa жұрты терең емес су қоймaлaрымен және тaбaны 5 метр қaлыңдықтағы aршылмaғaн қaбырғaмен қоршaлған. Құлaмaлaр бекініс қaбырғaлaрын сыртқы жaғынaн үлкейтіп тұрaды. Бекініс қaбырғaсының ені 2-3 метр. Солтүстік бaтыс бұрышы мaусымдық жaңбырлaрмен жуылып тұрaды. Қaмaл қaлa жұрттың солтүстік жaғындa орнaлaсқaн және бaсқa бөліктерінен 1,5-2 метр биіктеу. Қaмaл бөктерінің солтүстік жaқтaрынaн ортaлық кіреберіске көтерілу белгісі бар. Ол бекініс қaбырғaсының 10-12 метрге ойылып түскен жерімен белгіленеді (солтүстігі жaғынaн су шaйғaн шұңқыр бaйқaлaды). Бaсқa кіреберіс есіктері тaбылмaғaн.
Сәкен ӘЛІШЕВ,
Қазалы аудандық
тарихи-өлкетану
музейінің меңгерушісі.
Қазалы аудандық
тарихи-өлкетану
музейінің меңгерушісі.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<