10 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

786

0

Қазгидромет 14 наурызда ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Ақмола облысының шығысында жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан және солтүстік-шығысынан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын күтіледі.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Таулы және тау бөктерлі аудандарда найзағай, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, таулы аудандарда күші 15-20 м/с жетеді.

Шымкент қаласында 14 наурызда күннің соңында қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ күтіледі.

14 наурызда Павлодар облысының оңтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<