2020 жылы Қазақстанда 650 мың тонна нан өндірілді – ҚР АШМ

145

0

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерін өңдеу мен өндіру көлемі өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Коронавирус пандемиясына қарамастан 2020-жылдың 12 айында Қазақстанда бидай глютені өндірісі 4,3 мың тоннадан 6,1 мың тоннаға дейін артып, шамамен 42% өсім көрсетті. Өңделген күріш өндірісі 166 мың тоннадан 200 мың тоннаға дейін жетіп, 20%-ға өсті.


Крахмал 2019 жылмен салыстырғанда 14,4%-ға (32,6 мың тоннадан 37,3 мың тоннаға дейін), макарон өнімдері 6,3%-ға (168,3 мың тоннадан 178,8 мың тоннаға дейін), кондитерлік өнімдер 2,6%-ға (237,9 мың тоннадан 244,2 мың тоннаға дейін), ұн 1,6%-ға (3,27 млн тоннадан 3,32 млн тоннаға дейін), маргарин 1%-ға (62,4 мың тоннадан 63 мың тоннаға дейін) артты.


Піскен нан алдыңғы жылдың деңгейінде (644,6 мың тонна) өндірілді.


Сонымен қатар, қайта өңделген және консервіленген жемістер мен жаңғақтар өндірісінің 30%-ға (6,7 мың тоннадан 4,7 мың тоннаға дейін), жеміс және көкөніс шырындары өндірісінің 21%-ға (74,8 млн литрден 59,2 млн литрге дейін), картоптан басқа қайта өңделген және консервіленген көкөністер өндірісінің 12,5%-ға (24,3 мың тоннадан 21,3 мың тоннаға дейін), тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы өндірісінің 2,4%-ға (475-тен 464 мың тоннаға дейін) төмендегені байқалады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз