Ақ тілекпен, АСТАНА! Қызылордадағы Елорда күндері

688

0

Елорданың 20 жылдығына орай 6, 7 және 8 қыркүйек күндері Қызылордада Астана қаласының күндері өтеді. Мәдени күн аясында қызылордалықтар мен қала қонақтары қызықты бағдарламалар тамашалайды. Барлық шараларға кіру тегін. 

6 қыркүйек күні сағат 11.00-де елор­далық Қуыршақ театрының труппасы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінің сахнасында өзінің үздік қойылымдарының бірі – «Мәңгілік Бала бейне» спектаклін көр­сетеді.  Шығарманың авторы – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанова. Айта кетейік, осы аттас шығарманың желісі бойынша қойылған қойылымдар еліміздің басқа да көптеген театрларында сахналанған болатын. Алайда, басты кейіпкер Ләйлә қуыршақ түрінде алғаш рет ұсынылып отыр.

7 қыркүйекте сағат 18.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрда «Астанадан ақ тілек» атты гала-концерт өтеді. Кеш бағдарламасында эстрадалық би, «Шалқыма» халық биі ансамбльдері, «Қорқыт» дәстүрлі музыка тобы, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері өнер көрсетеді. Сонымен қатар, сахна төрінде Индира Расылхан, Айгүл Иманбаева, Дос,  Алмас Кішкенбаев ән шырқайды.

Ал 7-8 қыркүйекте Н.Бекежанов атын­дағы  облыстық драма театрда сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін 14 өңірді аралап шық­қан «Ақ тілекпен Астана!» көрмесі ұйымдастырылады. Экспозицияға С.Смағұ­лов, М.Бекеев, Р.Құлбатыров, С.Аллабергенов, Н.Қаржасов және тағы басқа танымал 50 отандық суретшінің 100 үздік туындысы қойылған. Көрмеде Жанна Спунердің жеке коллекциясындағы еңбектерді, сонымен қатар, астаналық шеберлердің кар­ти­на­лары мен мүсіндерін тамашалауға бо­ла­ды. Елордалық көрмеге келушілер отан­дық қылқалам шеберлерінің өнеріне, шығар­машылық әлеуеттеріне өз бағасын береді. Коллекцияны Тәуелсіздік сарайы ұсынады. Көрменің салтанатты ашылуы 7 қыркүйек күні сағат 15.00-де басталады.

Астана қаласының мәдениет және 

спорт басқармасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<