Қармақшы ауданында 300 жаңа жұмыс орны ашылды

288

0

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қармақшы ауданының әкімі Сұлтан Мақашов осылай деп мәлімдеді.

Өткен жылы ауданда қаржы ұйымдары тарапынан барлығы 227 жобаға 774,0 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді. Нәтижесінде 300 жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың дені жеке кәсіп иелері.

«2018 жыл басынан бері аудан бойынша 29 кәсіпкерлік нысан іске қосылды. Оның ішінде 14 дүкен, 2 кафе, 4 қойма, 1 наубайхана, 4 көлік жөндеу орталығы, 2 тойхана, 1 сауда орталығы, 1 шаштараз. Сонымен қатар, «Бастау Бизнес» оқу курсын ауданда 220 азамат аяқтап, 176 азамат өз жобаларын қорғап шықты», – деді С.Мақашов.

Осындай жобалардың жүзеге асырылуы аудандағы шағын кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік туғызды. Кәсіпкерлік саласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны бүгінде 3357 болды. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 2566 бірлік, бұл барлық тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің 78,9 пайызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<