АЙҚЫН МАҚСАТ, НАҚТЫ МІНДЕТ

162

0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасының» әрқайсысы қазақстандықтардың әл-ауқатын арт­тыру бағытындағы нақты міндеттерді шешуге белгіленген.

Президент өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударып отыр. Елбасы жеңілдетілген шағын несие беру  жұмыспен қамтуға сеп болатынын, оның тиімді механизмнің біріне айналатынын да атап өтті. 2018 жылы бұл мақсатта қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны былтырғыдан 2 есеге артып, 14 мың адамға жетпек. Байыпты бастаманың арқасында мыңдаған адам өз ісін аша алады. Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті сапалы түрде дамыта түсу үшін айрықша маңызды рөл атқаратынын айту керек. Өздеріңізге мәлім, бізде мал шаруашылығы қарқынды дамыған. Алдағы уақытта ауыл тұрғындары бұл бастаманы қажетіне жарататынына сенімдімін. Мұндай тиімді мүмкіндіктер барлық елде жасалып жатқан жоқ.

Бұдан бөлек, облыста 2018 жыл – «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды. Атаулы жыл – Елбасы бастамаларын толығымен жүзеге асыруға ерекше серпін бере түспек.

Нұрмұрат ЕРМАНОВ,

«Бабас» ЖШС директоры.